Жаңалықтар

Тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

Тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: ©pixabay.com 24.04.2024 15:32 340

Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда республика соттарының тікелей эфирде отырыстар өткізу тәжірибесі жалғасуда.

Бүгін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысы Алматы қалалық ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де басталды. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі. 

ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыда өткен жылдың соңында  автобус жаяу жүргіншілерді қағып бірнеше адамның өмірі үзілген еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға