Жаңалықтар

«Таблеткаларды шкафта сақтадым»: Шымкент тұрғынынан трамадол тәркіленді

«Таблеткаларды шкафта сақтадым»: Шымкент тұрғынынан трамадол тәркіленді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 23.05.2024 13:47 401

Шымкент қаласы тұрғынынан аса ірі мөлшерде трамадол тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің пәтерінде полицейлер құрамында психотроптық заттар бар анальгетиктің 99 пластинасын тапқан.

Азаматша таблеткаларды кіреберістегі аяқ киім шкафында сақтаған. Ұсталған әйел оларды көшеден тауып алғанын айтты. Аталған деректі Абай ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын өткізу мақсатында иемдену және сақтау мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға алып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға