Жаңалықтар

Табиғи апаттан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй беріле ме

Табиғи апаттан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй беріле ме
Фото: ©Pixabay.com 09.04.2024 14:31 1406

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар үшін тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осы тапсырма шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленді. Біріншісі, 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй. Екіншісі, жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірлерде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылатын болады, - деді ҚР ӨҚМ ресми өкілі Ибраева Меруерт.

Оның сөзінше, министр Қанат Шарлапаев аймақтық және республикалық ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, олардың ресурстарын шұғыл жұмылдыру және құрылысты жедел бастап кету қажеттілігін жеткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға