Жаңалықтар

Табиғат аясындағы жастардың демалысы кісі өлімімен аяқталды

Табиғат аясындағы жастардың демалысы кісі өлімімен аяқталды
Фото: © Pixabay.com 11.05.2023 15:00 1126

Атырауда жастардың табиғат аясындағы демалысы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылы маңында қайғылы оқиға орын алған.

azh.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысы ауданындағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылы жастары табиғат аясына демалуға шығады. Неден туындағаны белгісіз, далалықта жастар арасында өзара келіспеушілік туындайды. Жанжалдың соңында жақында әскерден келген Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. 

Полиция осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға