Жаңалықтар

Түркия Украина астығына жол ашуға дайын

Ресей тасымал уақытында атысты тоқтатса, Түркия БҰҰ-ның қолдауымен қару-жарақтың болмауын қамтамасыз етеді.
Түркия Украина астығына жол ашуға дайын
23.07.2022 07:37 1622

Ыстамбұлда Қара теңіз арқылы Украинадан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін астық дәлізін құру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды EL.KZ Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.

Рәсімге Түркия, Украина, Ресей және БҰҰ өкілдері қатысты. Келісім бойынша Украина кемелері Қаратеңіз арқылы астық таси алады. 

Халықаралық құжат 120 күн жарамды болмақ. Тараптар келіскен жағдайда қайта ұзартылады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл келісім «әлемдік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға көмектесетінін» атап өтті. 

Бұл әлемге бұрынғыдан да қажет. Түркия Республикасы президенті Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алғысымды білдіремін. Бұл үдерістің әрбір кезеңі сіздің табанды ұстанымыңыздың арқасында болды. Ресей Федерациясы мен Украина өкілдеріне жеке- жеке келіссөзіңіз осындай бастамаға жол ашты. Осы арада бұл кездесулерде барлығына адамзаттың пайдасы үшін маңызды болды. Бұл келісім шын мәнінде бүкіл әлем үшін жасалды - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.  

Ресей тасымал уақытында атысты тоқтатса, Түркия БҰҰ-ның қолдауымен қару-жарақтың болмауын қамтамасыз етеді.

Кемелерді жөнелтуден бастап оларды қауіпсіз тасымалдауға және межелі портқа жетуге дейінгі барлық үдерістер бойынша консенсусқа қол жеткізілді. Бұл өте маңызды жоспардың орындалуы мен қадағалауын Ыстамбұлда құрылатын бірлескен үйлестіру орталығы жүзеге асырады - Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға