Жаңалықтар

Түркістанда қазақ күресінен Азия Кубогы өтеді

Кубок “командалық бетпе-бет” олимпиадалық жүйесі бойынша өтед
Түркістанда қазақ күресінен Азия Кубогы өтеді
Фото: kazgazeta.kz 15.10.2022 21:14 844

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді деп хабарлады El.kz.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок “командалық бетпе-бет” олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.

Сайысты тікелей эфирден Qazsport пен TRT Avaz телеарналары көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға