Жаңалықтар

Түркістан облысы: Биыл өнім көлемі артты

Нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.
Түркістан облысы: Биыл өнім көлемі артты
18.08.2022 03:48 898

Жыл басынан бергі 7 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды EL.KZ.

Ал Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.

Жалпы егін саласында жиын-терім науқаны уақтылы ұйымдастырылып, астық мерзімінде жиналып алынды. Мал шаруашылығында ет, сүт өндіру және тауық жұмыртқасы былтырмен салыстырғанда сәйкесінше 0,6%-ға, 1%-ға және 10,6%-ға артық болып қалыптасты. Шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталған.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне семинарлар өткізіліп келеді. Семинарларда кәсіпкерлерге, шаруаларға жаңа технологияларды енгізу жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде тамшылатып және жаңбырлатып суғару тәсілдері кеңінен қолданысқа енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға