Жаңалықтар

Сыйлыққа көлік беремін деп алдаған күдіктілер қолға түсті

Олар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасындағы деректерге қол жеткізген
Сыйлыққа көлік беремін деп алдаған күдіктілер қолға түсті
Фото: zhaikpress.kz 29.01.2023 00:24 938

Астаналықтарға сыйлыққа көлік беремін деп алдаған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады. Ер адамдар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізіп, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырып, тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын хабарлаған. Бірақ қалаған жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражатты жіберген. Қазіргі уақытта қаскүнемдер интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдікке ілінді.

Күдіктілер қамауда отыр. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-шы бабының 2 бөлігіне сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды және ақша жөнелту кезінде қырағы болуды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға