Жаңалықтар

Сырымбек Тауға қатысты ОСК шешімін қолдау қиын - Айдарбек Ходжаназаров

Сырымбек Тауға қатысты ОСК шешімін қолдау қиын - Айдарбек Ходжаназаров
Фото: El.kz 15.02.2023 16:26 1015

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров Мәжліс сайлауына депутаттыққа ұсынылған Сырымбек Таудың сайлаудан шеттетілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айдарбек Ходжаназаров “Неліктен заңға сәйкес келмейтін Сырымбек Тауды үміткерлікке ұсындыңыздар?” деген журналистер сауалына жауап берді.

“Сырымбек Тау елімізде 19 жыл тұрды. Бірақ біздің заңымыз бойынша Қазақстан төлқұжатын 2013 жылдың сегізінші айында алған. Бізге жеті ай жетпей қалды. Бірақ Сырымбек Тау біздің мемлекетімізге 2004 жылы көшіп келген. 19 жыл. Сондықтан біз 19 жыл толық деп ойладық”,- деді Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Айта кетейік, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды. Сондай-ақ ОСК Respublica партиясы тізімінен тағы екі адамды алып тастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға