Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі сайлауға қатысты деректерді жариялады

10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылар қатысты
Сыртқы істер министрлігі сайлауға қатысты деректерді жариялады
Фото: gov.kz 20.11.2022 22:29 1463

Елдегі ең маңызды саяси іс-шаралардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы аяқталуға жақын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес сайлау өткізуге мүдделі.

Жалпы, Қазақстандағы президенттік сайлауды байқауға көптеген шетелдік бақылаушылардың қызығушылық танытып, белсенді қатысып жатқанын атап өткім келеді.

10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады.

Сонымен қатар, сайлауға 264 шетелдік журналист қатысуда.

Шетелдегі азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12841. 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскенің (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Улан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта) жұмысы аяқталды,  7400-ге жуық Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді. 57 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда.

17-21 қараша аралығында Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды.

Бұл орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді және байқаушылар брифингтер мен баспасөз конференциялары форматында өз пікірлерімен бөлісе алатын алаңдар ретінде құрылды. Мәселен, осы күндері орталық алаңдарында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларының қатысуымен 20-ға жуық брифинг өткізілуі жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға