Жаңалықтар

Сырдария өзенінен мектеп оқушысының денесі табылды

Сырдария өзенінен мектеп оқушысының денесі табылды
Фото: El.kz 15.05.2023 09:45 1176

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға 14 мамыр күні Қызылорда қаласы аумағында орын алды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.

Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз, - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға