Жаңалықтар

Сыр елінде қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті

Сыр елінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті.
Сыр елінде қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті
15.12.2018 03:45 1588

Сыр елінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті.

Форумға облыстағы қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді, жалпы жомарт жандарды қолдау және олардың бірлесуіне жәрдемдесу.   

Туған жердің көркеюіне үлес қосып жүрген жомарт жандар жыл санап көбейіп келеді. Түрлі әлеуметтік жобаларға қатысқан меценаттар саны бүгінде 113-ке жетті. Олардың қолдауымен 798 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 24 794 адамға 270 млн 809 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты аймақта жыл басынан 185 ауқымды іс-шара өткізіліп, жергілікті бюджеттен 602 млн 900 мың теңге бөлінді. Меценаттар мен кәсіпорындардың демеушілігімен 12 млрд 730 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Облыс бойынша 21 нысан салынып, 20 нысан қайта жөндеуден өтті. Шалғайдағы ауылдық округтерінде демеушілердің қолдауымен 3 медициналық пункт пайдалануға беріліп, 6 спорт алаңы мен кешендер бой көтерді.

«Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында өткен форумда жаны жомарт 8 азамат облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Игі іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға