Жаңалықтар

Сынақтың алғашқы сатысынан сәтті өттік – президенттікке кандидат

Кандидат Орталық сайлау комиссиясының өткізген отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді
Сынақтың алғашқы сатысынан сәтті өттік – президенттікке кандидат
Фото: Автордікі 15.10.2022 13:22 1195

Президенттікке кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкен алдағы өтетін сайлауға қатысуға дайындық жүргізуге кірісті, деп хабарлайды El.kz.

Кандидат Орталық сайлау комиссиясының өткізген отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Ең алдымен маған сенім білдіріп отырған «Аманат» кәсіподақтар достастығына алғысымды білдіремін. Бұл кәсіподақ пен халық алдындағы үлкен жауапкершілік», - деді ол.

Сондай-ақ ол өзі қанша қол жинағаны туралы айтты.

«Өз басым 230-дай қол жинадым. Ол бір адамның ғана қолынан келетін іс емес. Әр өңірдің штаб мүшелері, қолдайтын кәсіподақ мүшелері болады. Олардың барлығы бірлесе атсалысады. Ал дүйсенбіден бастап Қазақстан бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша жоспар құрамыз. Дауыс жинау барысындағы қателіктерді де ескеретін боламыз. Бұл біз үшін сынақтың алғашқы сатысы болды. Бірақ бұдан өту қолымыздан келді», - деді Мейрам Қажыкен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға