Жаңалықтар

Сұлу саздың сиқыршысы

Суреттер сөйлейді
Сұлу саздың сиқыршысы
Фото: Бақытгүл Абайқызы 27.06.2017 10:19 8521

Бүгін суреттер сөйлесін. Назарларыңызға қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға, атақты композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінен фоторепортаж ұсынамыз. Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі 1979 жылы композитор отбасымен көшіп келіп, өмірінің соңына дейін тұрған үйінде орналасқан. Ұлы сазгердің пәтері қаз қалпында сақталып, халық игілігіне музей ретінде ұсынылып отыр.

Музейге кіре берістегі композитордың портреті.

Нұрғиса Тілендиевтің балалық шағынан сыр шертетін экспонаттар.

Сазгер отбасымен.

Бұл бөлмеге сазгердің қалауымен қазақы дөңгелек үстел қойылып, көрпешелер төселіп, ұлттық стильде жабдықталған. Нұрғиса ағамыз замандастарымен шахмат ойнап, қымыз ішіп, ортасын ән-күйге бөлеп, демалатын бөлмесі болған.

Композитордың жұмыс бөлмесі.

Нұрғиса Тілендиевке анасы тарту еткен пианино. Музейдегі ең көне жәдігер.

Осы пианино арқылы ұлы сазгер халық жадында мәңгі сақталған қайталанбас туындыларын өмірге әкелді.

Композитордың «Дариға-Домбырасы». Бұл домбыраны 1937 жылы сазгерге ұстазы ұлы композитор, академик Ахмет Жұбанов арнайы тапсырыспен жасатып, сыйға тартқан.

Н.Тілендиев домбырасын өмірлік серігі, жары Дариға апайдың құрметіне «Дариға» деп атап, көзінің қарашығындай сақтаған. 

Нұрғиса ағаның музыка өнерінің дамуына сіңірген еңбегі үшін алған марапаттары.

Композитордың жеке заттары. Талай симфониялық оркестрлерге дирижерлік жасаған әйгілі таяқшасы, қол сағаты, көзәйнегі. 

Нұрғиса ағаның сахналық костюмі.

Композитордың музыкалық аспабы.

Әйгілі «Ата толғау» күйінің нотасы.

Сазгердің шығармалары.

Композитордың отбасы пайдаланған ыдыс-аяқтар жиынтығы. Түрлі сый-сыяпаттар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға