Жаңалықтар

Сүлейменова, Қыдырәлі: елімізде төрт министр қызметінен кетті

Сүлейменова, Қыдырәлі: елімізде төрт министр қызметінен кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.09.2023 17:10 1041

Мемлекет басшысының жарлықтарымен төрт министр лауазымды қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға