Суға түсерде сақ бол: Ұлттық ұлан мультфильм арқылы маңызды ережелерді түсіндірді

 Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ерекше анимациялық бейнеролик әзірледі. Жоба заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен жүзеге асырылған.

Бейнероликтің басты ерекшелігі – оның кейіпкерлері ретінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының шеврондарында бейнеленген жануарлардың таңдалуы. Анимациялық кейіпкерлер ән арқылы балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қарапайым сақтық шараларының маңызын жеткізеді.

Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың судағы қауіпсіздік мәселесіне назарын аудару, жазатайым оқиғалардың алдын алу және адамдардың өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

ұлттық ұлан 

Мультфильмде тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігі еске салынады. Сонымен қатар белгісіз және тексерілмеген аумақтарға суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау секілді маңызды ережелер түсіндіріледі. Мамандардың айтуынша, осындай қарапайым сақтық шаралары көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.

Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы кең аудиторияға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге арналған тартымды әрі есте қаларлық контент жасалған. Анимациялық формат қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпаратты жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріп, оның әсерін күшейтеді.

Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Осыған байланысты азаматтардың көпшілік демалыс орындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@ulttyq_ulan_resmi)

Ұландықтар қазақстандықтарды өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап қалуға және қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз