Жаңалықтар

Судың пайдасы қандай?

Су – тіршілік нәрі. 
Судың пайдасы қандай?
09.02.2017 15:17 14432

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады.

Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.

Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.

Судың денеге пайдалары:

  • Дене температурасын тұрақтандырады.
  • Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.
  • Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
  • Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.
  • Денені жарақаттанудан қорғайды.
  • Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
  • Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

  • Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
  • Қан қоюланады.
  • Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
  • Нәжіс сары түсті болады.
  • Іш қатуына(запор) себеп болады.
  • Су жетіспеген жағдайда мыналар болады:
  • Бас ауруы.
  • Бас айналуы.
  • Шаршау және әлсіздік.
  • Ойдың тынықтығы бұзылады.
  • Тәбетсіздік.

Биік жерлерде, ауа ыстық және нәмді болса, грип немесе температура болған кезде тұтынатын су мөлшері көбірек болуы керек.

Бал қосылған жылы су

Денсаулықты қалпына келтіретін тағы бір  қарапайым әдіс – аш қарынға бал қосылған жылы су ішу. Бал қосылға су несімен пайдалы және оны қалай дұрыс ішу керек?

Бал қосылған жылы су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.

Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар  бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.

Суды міндетті түрде аш қарынға ішкен дұрыс.

Лимон қосылған жылы су

Лимон қосылған жылы судың пайдасы – құрамында аскорбин қышқылының болуында. Нәтижесінде мұндай сусын ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Сонымен қатар лимон қосылған су қан құрамындағы қантты азайтып, адамды сергітеді. Организмге қуат береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға