Жаңалықтар

Субцидия қаржысын жеген қызылордалыққа сот үкімі шықты

Бұған ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тексеру жүргізген.
Субцидия қаржысын жеген қызылордалыққа сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден 12.10.2022 02:01 1397

Ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұған ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тексеру жүргізген.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

Сот шешімімен Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға