Жаңалықтар

Су жаңа премьер-министр батыл қадамдар жасайтынын айтты

Су жаңа премьер-министр батыл қадамдар жасайтынын айтты
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 16:15 1056

Бүгін Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып тағайындалды. Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде ол ел экономикасын дамытуда батыл қадамдар жасайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы алдымен Президенттің жүктеген жоғары сенімін ақтауға бар күш-жігерін салатынын айтып, отандық өнімді қолдауға ерекше назар аударатынын жеткізді.

Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды. Басты мақсат — басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз, – деді премьер-министр Олжас Бектенов.

Соынмен қатар ол Президент белгілеген заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыратынын және халықтың көкейінде тұрған өзекті мәселелер үнемі Үкіметтің назарында болатынын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға