Жаңалықтар

Су тасқынында бұзылған жолдарды қалпына келтіруге 28,5 млрд теңге бөлінеді

Су тасқынында бұзылған жолдарды қалпына келтіруге 28,5 млрд теңге бөлінеді
Фото: Видеодан кадр 30.05.2024 13:23 402

Бұл жөнінде көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тасқын су кезінде бұзылған жолдар бойынша: олардың 11 учаскедегі жалпы ұзындығы 33 км. Кейбір жерлерін су басып, кейбір жерлерін шайып кетті. Бірқатар жерлерін арнайы жырып тастадық. Республикалық жолдар бойынша қалпына келтіру жұмыстарының құны шамамен 8,5 млрд. теңгені құрайды,- деп хабарлады Марат Қарабаев.

Министр атап өткендей, жергілікті маңыздағы жолдардың 275 учаскесін жөндеуге 20 млрд. теңгеден астам қаражат талап етіледі. Нақты сомасы туралы қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде мол судың бағытын бұру үшін республикалық маңыздағы Атырау-Орал жолының кейбір учаскелерін бұзу жөнінде шешім қабылданған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға