Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендердің бүлінген мүлкіне ақы төленеді

Су тасқынынан зардап шеккендердің бүлінген мүлкіне ақы төленеді
Фото: t.me/qr_tjm 23.04.2024 18:28 251

Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Бұл: тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары.

Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізілетін болады. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.

Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай, біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және т.б. ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын, — деп атап өтті ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға