Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілті табысталды

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілті табысталды
Фото: Ақмола облсының әкімдігі 17.04.2024 16:42 282

Бүгін Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттері тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыс етті. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік қордан алғашқы тұрғын үй алушылар Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары болды. Алынған пәтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пәтерде тұру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Президент тапсырмасы бойынша Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетілетінін және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Өңірде шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады. Кеше облыс орталығының 174 отбасы  65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды.

Сонымен қатар, материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия  12 отбасына 8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға