Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты СЭС мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Су тасқынына байланысты СЭС мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 08.04.2024 07:24 288

Су тасқынына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрлігі су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ,-делінген министрлік мәліметінде.

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілген. Су басқан аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға