Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

Су тасқынына байланысты 5 облыста жолдар жабылды
Фото: t.me/qazavtojol 15.04.2024 19:20 337

Ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыстағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль  жолдарына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 сәуір сағат 18:00 жағдай бойынша 3 облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6200 метр болатын су тасқыны орын алды. Соның салдарынан 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі таңда республикалық жолдарда 664 техника мен 1604 адам жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға