Жаңалықтар

Су тасқынымен күрес үшін Атырау облысына ҚТЖ-ның арнайы пойыздары жөнелтілді

Су тасқынымен күрес үшін Атырау облысына ҚТЖ-ның арнайы пойыздары жөнелтілді
Фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі 06.04.2024 19:00 335

Су тасқынымен күресу үшін Атырау облысына ҚТЖ-ның арнайы пойыздары жөнелтілді, El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларынан өрт сөндіру және шайып кетуге қарсы пойыздары жіберілді. Олар кесек тастармен, рельсті пакеттермен, шпалдармен жабдықталған. Басты міндеті – су басқан ауданнан еріген суды сорып алу.

ӨТЖ мәліметінше, еліміз бойынша барлығы толық жасақталған және кез келген уақытта 45 шайып кетуге қарсы пойыз су басқан жерге шығуға дайын. Штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етеді.

Су басқан аудандардан халықты теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. Соңғы мәлімет бойынша Атырау облысында теміржол көлігімен 2320 жолаушы тасымалданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға