Жаңалықтар

Су тасқыны: Ұлттық ұланның жауынгерлері тұрғындарға көмектесіп жатыр

Су тасқыны: Ұлттық ұланның жауынгерлері тұрғындарға көмектесіп жатыр
Фото: Видеодан кадр 03.04.2024 10:08 382

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері төтенше жағдай аймағында белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұлан авиациясы мен 1000-нан астам жауынгері және 40 техника су тасқынына қарсы іс-шараларға атсалысып жатыр. Ұлттық ұлан ұшқыштары су басқан елді мекендерден ауыл тұрғыгдарын эвакуациялауды жалғастыруда.

Ұлттық ұлан авиациясының екі МИ-171Е тікұшағы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында маңызды міндет атқарып жүр. Ұландық авиация экипажы 28 адамды эвакуациялады, оның 18-і балалар. Сонымен қатар 2 тонна дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізілді.

Жалпы, су тасқыны басталғаннан бері 1228 әскери қызметші, 61 бірлік авиа және автомобиль техникасы тартылған. 832 адам қауіпсіз жерге көшірілген, жалпы ұзындығы 8355 метр арықтар тазартылды, су жағаларына 53270 қапшық төселді. Сондай-ақ диверсиялық жұмыстар кезінде 250 келі аммонит жұмсалды және 6800 килограмм гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су тасқыны: Ұлттық ұланның жауынгерлері тұрғындарға көмектесіп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға