Жаңалықтар

Су тасқыны: қырылған мал иелеріне 1 млрд 198 млн теңге өтемақы берілді

Су тасқыны: қырылған мал иелеріне 1 млрд 198 млн теңге өтемақы берілді
Фото: Коллаж El.kz 10.05.2024 12:37 363

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқыны болған аймақтарда 10 мыңға жуық мал шығыны анықталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, әр өңірде арнайы штабтар жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі күнде 138 мың 800 бас аман алып шығарылды. Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринар, ТЖМ барлығы қосылып, осы жұмысты жүргіздік. Өлген малдың саны – 9761. Соның ішінде 98 пайызға утилизация жасалды. Жалпы, мал шығынын өтеу жағын айтатын болсақ, алгоритм бар. Құжаттары барларға бюджеттен төленетін болады, ал құжаттары жоқ, кезінде тіркеуде отырмаса, демеушілер көтеретін болады. Бүгінде 4801 мал басының шығыны өтелді, 1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасатын болады, - деді Айдарбек Сапаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға