Су тасқыны құрсауында қалған тұрғындар тікұшақпен құтқарылды
![Су тасқыны құрсауында қалған тұрғындар тікұшақпен құтқарылды Су тасқыны құрсауында қалған тұрғындар тікұшақпен құтқарылды](/storage/storage/element/2024/03/31/mainphoto/96348/1200xauto_pKD7ol0YJj3TEj8ySh4J0NR85qpKTaaj0Sz0l4ZA.jpg)
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарға құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 11-00-де "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-875 тікұшағымен "Жезқазған-Арқалық" бағыты бойынша Абдуғаппар хан қыстағынан Арқалық қаласына әйел баласымен эвакуацияланды, - деді министрлік өкілдері.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, кеше Ақтөбе облысында бірнеше тұрғын тікұшақпен ауруханаға жеткізілген.
30 наурызда Қобда ауданы Көкуй ауылында су тасқыны жағдайына және кірме жолдың болмауына байланысты МИ-8 Қорғаныс Министрлігі тік ұшағы және 2 ТЖД құтқарушысы науқас пациентті аудандық ауруханаға тасымалдады. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады. Қозғалтқыштары бар үрлемелі қайықтарда 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. МИ-8 борты зардап шеккендерді Ақтөбе қаласына жеткізді, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)