Жаңалықтар

Су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады

Су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 22.04.2024 14:40 291

Су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе өңірінде жалпы 3232 бас мал өлді деген дерек тіркелді. Оның 3120-сы арнайы құрылғы - инсенератормен жойылған.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай кешегі күннен бастап мал иелеріне өтемақы төлеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, шығынның дені – Ойыл ауданында.

Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров мал өлекселерінің утилизациялау барысымен танысты.

Қазірге дейін мал шығыны тіркелген 6 ауданның бесеуінде өлекселерді өртеу жұмыстары толықтай аяқталды. Бұл шараларға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға