Жаңалықтар

Су тасқыны болған өңірлерде оқушылар емтиханнан босатылады – Ғани Бейсембаев

Су тасқыны болған өңірлерде оқушылар емтиханнан босатылады – Ғани Бейсембаев
Фото: t.me/oqu_agartu 21.05.2024 11:00 701

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Атырау облысы (3 мектептің 1531 оқушысы), Ақтөбе облысы (9 мектептің 1296 оқушысы) және Солтүстік Қазақстан облысындағы(5 мектептің 754 оқушысы) 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады.

Қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған, – деді оқу-ағарту министрі.

Министр Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстары балалардың жазғы демалыспен қамтылуын арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалардың демалысы ерекше назарда. Қазіргі уақытта 628 бала демалыс лагерьлеріне жіберілді. Алдағы уақытта 3 883 балаға сауықтыру орталықтарына жолдамам беріледі, – деді Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға