Жаңалықтар

Су тасқыны болған аймақтарда электр энергиясы қайта қалпына келтіріліп жатыр – министр

Су тасқыны болған аймақтарда электр энергиясы қайта қалпына келтіріліп жатыр – министр
Фото: t.me/KZgovernment 10.05.2024 10:35 592

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су тасқыны болған өңірлерді электрмен жабдықтау жұмысын қалпына келтіру барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, бүгінде Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін қысқарды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін қысқарған.

Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеулер қойылған абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге қысқарды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіріледі. Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маманы, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар, - деді энергетика министрі.

Алмасадам Сәтқалиев алдағы кезеңде кернеудің әртүрлі кластарындағы 3 мыңнан астам электр желілерінің тіректерін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті. Сөзінше, салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға