Жаңалықтар

Су тасқыны болған аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр - ТЖМ

Су тасқыны болған аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр - ТЖМ
Фото: ТЖМ 24.05.2024 16:00 365

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында су басқан аула аумақтарынан 128 170 текше метр су сору сорылған. 

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 173 179 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Онда 5 400 қап және 380 тонна инертті материалдар төселді. Жалғансай ауылында қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп жазылған ТЖМ баспасөзінде. 

Бүгінде барлық эвакуацияланған тұрғындар өз үйлеріне оралды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 5 150 қапшық пен 164 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Өткен тәулікте және түнгі уақытта 266 693 текше метр су сорылды. Республика бойынша эвакуацияланған 61 860 адам өз үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктерінде 5 341 адам бар 24,9 млн артық еріген қар суы сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді, - деп мәлімдеді ТЖМ. 

Сонымен қатар, авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 276 адам, 651 техника, 248 су сору құралы және 56 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға