Жаңалықтар

Су тасқыны: Астанада гуманитарлық көмек жинайтын орындар анықталды

Су тасқыны: Астанада гуманитарлық көмек жинайтын орындар анықталды
Фото: ТЖМ / Видеодан алынған кадр 30.03.2024 22:35 411

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге Қалалық волонтерлік штаб волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп гуманитарлық көмек жинау жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, гуманитарлық көмек жинау мекенжайларының жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан заттарды тапсырар алдында қоймаға қоңырау шалу керек.

Волонтерлік штабтардың мекенжайлары мен байланыс нөмірлері:  Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат. «Астана жастары» КММ Қалалық волонтерлік штаб; Жұмыс кестесі: 09:00-ден 20:00-ге дейін;

Қосымша барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (701) 356-22-96, Эльвира.
Астана қаласы, Петров көшесі, 7. «LIDER.KZ» волонтерлер қозғалысы. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 19:00-ге дейін; Тел: +7701 429 1076 Татьяна;

Астана қаласы, Қалдаяқов көшесі, 11. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет;
Тел: +7707 947 7562 Салтанат;

Астана қаласы, "Саранда" ТК, Әл-Фараби көшесі, 16-үй; «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы;Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет;
Тел: +7701 177 3862 Татьяна;

Астана қаласы, Тамшалы көшесі, 24; «QANAT» волонтерлер қозғалысы;Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7747 585 6202 - Меруерт, +7702 759 9447 - Бибігүл;

Астана қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 21б. «Ерекше әлем» ҚҚ. Жұмыс кестесі: 11:00-ден 22:00-ге дейін;  Тел: +7701 959 3611 - Ботакөз;

Астана қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 26; «Клуб Добряков Астаны». Жұмыс кестесі: Жексенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін, қалған күндері алдын ала хабарласу керек; Тел: +7777 866 7711 - Динара;

Астана қаласы, Қарасай батыр көшесі, 2. «Истоки добра»,  Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі 13.00-ден 17.00-ге дейін; Тел: +7701 405 8207 - Динара;

Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 25/2. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7775 308 6604 - Жанна.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға