Жаңалықтар

Су тасқыны: 38 254 адам өз үйлеріне оралды

Су тасқыны:  38 254 адам өз үйлеріне оралды
Фото: ОКҚ 29.04.2024 06:31 282

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған ТЖМ күштерінің бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Республика бойынша 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан.
Су тасқыны бастағалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық, 1 510 тонна инертті материал төселді. Құлсапры қаласында су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды, - деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309 адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға