Жаңалықтар

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.09.2023 17:55 667

Су шаршуашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек. Бұл туралы мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету – ауыл тұрғындарының табысын арттыру негізі» атты  республикалық кеңесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Су шаруашылығымен толыққанды айналысуға үлкен мүмкіндік туды. Жаңа министрлік құрылды. Енді, су шаршуашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек. Ауылдардан бастап, Астанаға дейін қандай сумен айналысатын шаруашылықтар , құрылыс мекемелері бар, соның барлығын түгендеу керек. Одан бөлек, су шаруашылығымен айналысатын мамандар жетіспейді. Соларды даярлау керек. Бұл да басты себептердің бірі. Егер, су тапшылығы орын алмасын десек, су шаруашылығы саласына ертерек көңіл бөлгеніміз жөн, - деді Ж.Дайрабаев.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Аталған кеңес жұмысына, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Су ресурстары және ирригация Министрі Нұржан Нұржігітов, өңірлік әкімдіктер, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар, кәсіпкерлердің салалық қоғамдық бірлестіктері, ауыл және су шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, еліміздің су саласындағы сарапшылар қатысты.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Министрлік су саласындағы ұсыныстар мен пікірлерді тыңдауға дайын екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта, мемлекет басшысының жолдауы аясында ұсыныстарды ескере отырып, су кодексінің жобасы дайындалып, парламент қаралуына жіберіледі, - деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Оған қоса, ҚР Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комиитетінің төрағасы Әли Бектаев су тапшылығы мәселесін шешуде көршілес мемлекеттерден су мәселесін қараудағы тәжірбиесін алу керек екендігін тілге тиек етті.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Мамандар даярлауда және су саласындағы мәселелерді шешу бойынша көршілес мемлекеттердің тәжірбиесіне сүйене отырып жұмыс істеуіміз керек. Кейбір жағдайларда кәсіби білігі мен білімі төмен мамандардың кесірінен, ең қажетті егін маусымында алқаптарға су жетпейді. Ал, қажет емес көктем мезгілінде өзендер арнасынан асып, халқымызға зиянын келтіреді, - деді Әли Бектаев.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес», - деп атап өткен болатын.

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Су шаруашылығын бүкіл ел бойынша тәртіпке келтіру керек - Жигули Дайрабаев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға