Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 09.10.2023 19:55 561

Дәурен Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтің телеграм каналы мәлімдейді.

Дәурен Қазантаев Ғанибекұлы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке құрылымдарда инвестиция және корпоративтік бизнес бойынша талдаушы болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрылымында жетекші маманның міндетін атқарушы, сарапшы.

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктерінің құрылымдарында қызмет еткен.

2016-2020 жылдары – ҚР энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласы Табиғатты қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға