Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігі балалар байқауын ұйымдастырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі балалар байқауын ұйымдастырады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 04.12.2023 10:01 699

Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға 5 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген үміткер қатыса алады. «Үздік сурет» және «Үздік шығарма» қос номинациясында 2 жеңімпаз анықталады. Барлығы 4 қатысушы жүлдегер болады. Үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс бағыттарының бірі - қазақстандықтарды су үнемдеу қажеттілігі және оны тиімді пайдалану әдістері туралы ақпараттандыру. Осы байқау арқылы біз адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың, оқушылардың назарын осы мәселеге аударғымыз келеді. Су үнемдеу ауыз сумен қамтамасыз етуден бастап ауыл шаруашылығына дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды, сондықтан байқауға қатысушылардың шығармашылығы үшін шектеу жоқ. Ерекше көзге түскен қатысушыларды министрлік басшысы марапаттайды», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Байқау 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады. Жеңімпаздарды жаңа жыл қарсаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов марапаттайды. Үміткерлердің жұмыстары +77781345811 номері бойынша WhatsApp арқылы, сондай-ақ Instagram-да #суүнемдеубайқауы хэштегімен қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға