Жаңалықтар

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр
Фото: Коллаж El.kz 02.04.2024 18:00 643

Биыл Қазақстанның бірқатар өңірін су басып, тұрғындар эвуакцияланды. Қызыл судан халықтың үйлері қирап, төрт түлік малы суға кетті. Қиын қыстау заманда халыққа жәрдем беруге асыққан құтқарушылар мен еріктілердің жұмысы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осы тұста  Еl.kz ақпарат агенттігінің тілшісі су тасқыны кезінде халыққа көмектескен азаматтардың ерлігі жайлы сөз қозғамақ. 

Биыл қызыл судан жапа шеккен өңірлердің бірі – Ақмола облысы. Бүгінде су басқан аймақтардағы тұрғындар эвакуцияланды. Өңірде су сору жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Көкшетау қаласында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіру-құтқарушысы Ілияс Жексенбай су тасқынының бірінші күнінен бастап халықты эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Әлеуметтік желіде Ілиястың тұрғындарды арқалап, қайыққа отырғызып жатқан суреттері кеңінен таралып, желі қолданушыларын сүйсінтті.

Тіпті желіде құтқарушылар туралы жылы лебіздерін қалдырып жатқандар да кездесті.

Ілияс Жексенбай 2016 жылдан бері құтқару қызметінде жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, отбасының тірегі. 

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бұл қызметке жұмыс ретінде емес, қайырымды іс ретінде қараймын. Адамдарға әрдайым көмектесіп, қиын сәтте жанынан табылуға тырысамыз. Бұл сала елімізде сұранысқа ие қызметтердің бірі. Өзім спортпен белсенді айналысамын. Жұмысқа шыққан кезде әрдайым отбасым қолдап, демеп отырады, - дейді кейіпкеріміз Ілияс Жексенбай.

Қостанай облысының тұрғындары да қызыл судан зардап шекті. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған еріктілер Амангелді ауданының тұрғындарына көмектесіп, ыстық тамақ, ауыз су, гигиеналық заттармен және жылы киімдермен қамтамасыз етуде.

Жақында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге барып, эвакуацияланған тұрғындармен кездесіп, ахуалмен танысты.

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Амангелді ауданы бойынша еріктілер штабының басшысы Айбек Танатбаев өңірдегі ахуалдың тұрақталып, қызыл судың беті қайтқанын жеткізді.

Бір аптадан бері көрші аудандардан келген 300-ден астам ерікті зардап шеккен аудандарға көмекке келіп, жанашырлық көрсетіп жатыр.

Амангелді ауданындағы су тасқыны жағдайына қарамастан, еріктілер Жангелді, Наурызым ауданына және Степняк және Қарасу ауылына баруға шешім қабылдаған. Олар зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға өз еркімен қатысып жатыр. Еріктілердің бұл әрекеті көпке үлгі болатыны анық. 

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Елдегі су тасқыны бүкіл елді бей-жай қалдырмады. Республиканың түкпір-түкпірінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек келіп жатыр.

Қазіргі уақытта Арқалық қаласы үшін 17 тонна, Амангелді ауданы үшін 48,3 тонна және Жангелді ауданы үшін 57 тонна гуманитарлық көмек жиналған.

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Амангелді ауданында гуманитарлық штабта жұмыс істеп жатқанымызға жетінші күн. Қазіргі таңда еріктілер халықты қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, 250 адамға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Медициналық мамандар да тұрғындарға көмектесуде, - дейді Айбек Танатбаев.

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Ақтөбе облысының тұрғындары да қызыл судан аз жапа шекпеді. Құтқарушылар күні-түні халықты эвакуациялаумен айналысты. Желіде құтқарушылардың үзіліссіз қызметте жүрген кадрлары пайда болды. Солардың бірі – Нұрбол Жақасов. Ол су апаты кезінде 3-4 күндеп үйіне бармай, халықпен бірге болды.  

Су басқан өңірлерде құтқарушылар мен еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Құтқарушылар бір адамды емес, бүтін халықты ойлайды. Барлық тірі жандыны жедел құтқаруға әрекет етеміз. Су тасқынынан зардап шеккен халықтың мұң мұқтажын көріп жан жарасын сезінеміз.  Табиғи апатқа шарасыздығынды мойындау қиын. Қазір табиғи апатқа барынша тосқауыл болуға тырысып жатырмыз, судың көлемі салыстырмалы түрде алдыңғыдан төмендеді, - деді Нұрбол Жақасов.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға