Жаңалықтар

Студенттерді сайлауға қинап қатыстыруға болмайды – Саясат Нұрбек

Студенттерді сайлауға қинап қатыстыруға болмайды – Саясат Нұрбек
Фото: El.kz 19.03.2023 11:03 660

Білім және жоғары ғылым министрі Саясат Нұрбек дауыс беруге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл ең көп кандидаттар тіркелген сайлау болды. Басында 16 мыңнан астам үміткер тіркелді. Екіншіден, өзін ұсынған бір мандатты депутаттардың көбірек болуы. Мәжіліске 82%-дан астам бір мандатты үміткерлер қатысты. Мәслихаттарда 62 пайызды құрады. Бұл өте үлкен белсенділікті көрсетеді. Екіншіден, саяси бәсекелестіктің өсуін көрсетеді. Өзім танитын бірқатар белсенді, мықты азаматтар қатысты. Бұрын саяси науқандардан үміт үзген, саясатқа, реформаларға сенбеген адамдар да қатысып отыр.  Бұл - өте жақсы нышан. Үшіншіден, жастар өте белсенді қатысып жатыр. Биыл ЖОО-ларда агитациялық жұмыстарға тыйым салдық. Бірақ белсенділік өте жоғары, - деді ол.

Сондай-ақ студенттерді сайлауға қатысуға міндеттеу туралы пікір білдірді.

Студенттерді сайлауға қинап қатыстыруға болмайды. Бүкіл ректорлармен бір арнайы нұсқаулықтар жүргіздік. Егер сайлауға қатысуды міндеттеген болса, министрлік жанындағы арнайы уәкілге хабарласуға болады. Министрліктің жанында өткен жылдың қыркүйек айында студенттер құқықтарын қорғайтын уәкіл құрылды. Кез келген сұрақпен уәкілге хабарласуға болады”, - деді Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға