Жаңалықтар

Студенттер арасында "Ел рәмізі – елдігім" атауымен дебат өтті

Студенттер арасында "Ел рәмізі – елдігім" атауымен дебат өтті
Фото: Геральдикалық зерттеулер орталығы 29.05.2024 23:06 728
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттер арасында дебат өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Іс-шарада агротехникалық және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенділері пікір талас жүргізді. Басты тақырып қазіргі таңда өзекті болып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін коммерциялық мақсатта пайдалану оның мағынасы мен символдық құндылығы жайында өрбіді. 

Студенттер арасында "Ел рәмізі – елдігім" атауымен дебат өттіСурет: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Жақтаушы тарап Мемлекеттік Ту немесе Мемлекеттік Елтаңбаны коммерциялық мақсатта пайдалану қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттыруға және назар аударуға көмектеседі десе, қарсы тарап рәміздерді тек мемлекеттік мақсаттарда қолданылуы керек және оны коммерциялық брендингте пайдалану ұлттық құндылықтарымызды қорлау ретінде қабылдануы мүмкін деп пікірлерін білдірді.

Студенттер арасында "Ел рәмізі – елдігім" атауымен дебат өттіСурет: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Шара соңында дебат ойынының жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген ұстаздарға вице-министр Ербол Әлиқұловтің, ал студенттерге комитет төрағасы Рустам Әлидің атынан арнайы алғыс хаттармен және естелік үшін мемлекеттік рәміздер бейнесіндегі төсбелгілермен марапатталды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға