Жаңалықтар

«Стейктің ет екенін де білген жоқпын»: Сара Амангелді мейрамханада болған келеңсіз жайт туралы айтып берді

«Стейктің ет екенін де білген жоқпын»: Сара Амангелді мейрамханада болған келеңсіз жайт туралы айтып берді
Фото: instagram.com/amangeldieva_sara 16.10.2023 11:44 1950

Қазақстандық әнші әрі актриса Сара Амангелді «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасына берген сұхбатында мейрамханада болған келеңсіз жайт жайлы айтып берді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Ақша құрта бергенді ұнатпаймын. Үнемі үйден тамақ жеймін. Мен тіпті көшеден тамақ жеуді ұнатпаймын. Бірде жігітпен мейрамханаға бардық. Барған жердің менюін де түсінбедім. Тапсырыс берерде «манты» дедім. Олар «жоқ» деді. Ойбу деп «палау» деп едім, ол да жоқ болып шықты. Сосын шашлык дегенмін, ол да жоқ екен. Ана жігіт өзі «стейк» деді. Мен ол стейктің ет екенін де білген жоқпын.

Қобалжып, үйдегілерге хат жазып отырмын: «маған көмек керек, не тапсырарымды білмеймін» деп.

Орысшаға да тілім келмей қалды. Даяшы стейкті қай деңгейде пісірейік деп ағылшынша нұсқаларды айтты. Мен түсінбей, «дәмді болса болды» деп жауап бердім.

Алдыма келгенде шанышқы, пышақпен жемекші болдым. Ақыры қолымнан келмей қобалжып, терлеп ұялғаным-ай, - дейді актриса.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға