Жаңалықтар

Степногорск тұрғыны итін бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Степногорск тұрғыны итін бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Фото: El.kz 20.05.2023 21:48 614

Степногорск қаласының тұрғыны бесінші қабаттан итті лақтырып жіберген, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.   

Жануар оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ғаламтор желісінде тараған ақпараттарға сәйкес, мұндай жауыз әрекетті үйдің мас тұрғыны жасаған.

Куәгерлер бар. Арыз қабылданды. Қорқақ үйінен шыққан да жоқ. Итті сол маңдағы қаңырап бос қалған ғимаратқа апарып көміп тастаған. Қан іздерін жууға тырысқан, - делінген хабарламада.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі жануарға қатыгездік дерегі бойынша полиция департаменті ҚР ҚК 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға