Жаңалықтар

Степногор қаласында «Қазақтану» жобасы аясында асық атудан шеберлік сынып пен жарыс ұйымдастырылды

Степногор қаласында «Қазақтану» жобасы аясында асық атудан шеберлік сынып пен жарыс ұйымдастырылды
15.11.2018 06:12 1913

«Рухани жаңғыру» және ҚХА «Қазақтану» жобаларын жүзеге асыруға бағытталған көшпелі іс-шаралар Ақмола облысының барлық аймақтарында өтті.

ХАА, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауыменен Мейрамбек Қиықов төрағалық ететін облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-нің бастамасы және ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасын және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруға бағытталған көшпелі іс-шаралар барлық аудандар өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысының барлық аймақтарында өткізілді.

Осындай көшпелі іс-шаралардың соңғысы Ерейментау және Целиноград аудандары өкілдерінің қатысуымен Степногор қаласында өтті. 

Еске сала кетсек, «Қазақтану» жобасы Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің арасында қазақ халқының төл тарихын, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін, рухани және адамгершілік қағидаттарын насихаттауға, Ақмола облысы халқының рухани бірлігін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл іс-шаралардың негізгі тақырыбы және  идеологиялық өзегі ретінде ойшыл, философ, ұлттың рухани ұстазы ұлы Абайдың «Қара сөздері» алынды.

Облыстық «Қазақтану» жобасының авторы, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов бастаған лекция-насихаттау тобының құрамында ҚХАА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова да болды.

Өткен жылы ЮНЕСКО-да қазақ хылқының рухани құндылығы ретінде тіркелген ұлттық асық ойынын насихаттау мақсатында «Бес асық» және «Асық ату» ойындары бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Көкшетау қаласы №18 ОМ 11 сынып оқушысы Томирис Құсайынова, асық атудан ҚР чемпионы Тимур Абилов, дәл осы спорт түрінен Көкшетау қаласының чемпионы Испол Айтуардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілді. Аталмыш спортшыларға жетекшілік еткен – Көкшетау қаласы №8 ОМ «Асық ату» ойынының жаттықтырушысы Ақтөре Леспай. Шеберлік сабағы степногорскілік мектеп оқушыларымен бірлесе өткізілді.  

ҚХАА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, Ақмола ассамблеясының бас анасы Зере Қиықова Степногор қаласының Достық үйі Аналар кеңесінің төрайымы Елена Абрицовамен кездесіп, жұмыс тәжірибесімен бөлісе келе, жақын арада бірлесе іске асыратын іс-шаралар жайын талқылады.

600-ден астам көрермен жиналған Степногор қаласының «Горняк» мәдениет сарайында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.  

Сонымен қатар шара барысында Ерейментау, Целиноград аудандары және Степногорск қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара қатысушылар грамоталар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға