Жаңалықтар

Стенд атушылар Қазақстанға Азиаданың үшінші алтынын сыйлады

Стенд атушылар Қазақстанға Азиаданың үшінші алтынын сыйлады
Фото: ©Нұрғали Жұмағазы 28.09.2023 12:50 694

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Қазақстан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің атынан өнер көрсеткен Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті.

1.Қазақстан — 40 ұпай

2.Кувейт — 35 ұпай

3.Қытай

3.Қатар

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.

Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден 1 алтын, 1 қола алған еді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға