Жаңалықтар

Стенд атудан Қазақстан құрамасы XV Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасы XV Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Фото: ©Тұрар Қазанғапов 26.10.2023 01:29 593

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Кореяда өтіп жатқан XV Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы Тәризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Скит бағдарламасында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко мен Ольга Панарина 337 ұпаймен командалық сынның күміс жүлдегері атанды. Мұнда 363 ұпай жинаған Қытай мергендері топ жарса, үздік үштікті Таиланд түйіндеді.

Ерлер арасында Эдуард Ещенко, Александр Ещенко мен Александр Мухамадиев үштігі (Қазақстан) Үндістан мен Оңтүстік Кореядан кейінгі сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының 24 жолдамасы сарапқа салынып жатқан сары құрлық чемпионаты 2 қарадаша аяқталады. Биыл 30 мемлекеттен 800-тен астам мерген жиналды. Ел намысын 80 спортшы қорғап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға