Жаңалықтар

Стамбұлда тұратын Бекболат Тілеухан Қазақстан халқына ескерту жасады

Стамбұлда тұратын Бекболат Тілеухан Қазақстан халқына ескерту жасады
Фото: Видеодан алынған кадр 24.11.2023 14:43 55451

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында қазақ неліктен украиндардың күйін кешуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бекболат Тілеухан қазақ руханиятының жағдайы өте ауыр. Қазақтың басына бұрын-соңды болмаған күн туып тұр – екінші Украина болуымыз мүмкін. Ұлтжандылық пен ұлтшылдықты шатастырып жүрміз. Бір кездері Дәурен Абаевты «пищерная национальность» деген сөзі үшін жерден алып, жерге салған. Қазағың қазақша сөйлемейді, сен барып орысқа «қазақша сөйле» дейсің. Қарап отырсам, шынын да жабайы ұлтшылдық бар екен. Бұл қорқыныш ұялатады, - деді ол.

Бекболат Тілеухан әсіре ұлтшылдық танытудың салдарын туралы айтып, әлеуметтік желідегі белсенділерді де сынап тастады.  

Украинандарды өз жерінен қуып, орнына басқа ұлт келіп жатқанын көріп жатсыңдар. Президент Владимир Зеленский «ешқандай либералды Украина болмайды, үлкен Израиль» болады деген сөзін естіген шығарсың. Украин саны бізден көп – 45 млн. Еуропаның айтулы деген елі, әлеуеті бізден артық. Бірақ әсіре ұлтшылдық бар. Олар сол арқылы жастарды қайрап жатыр. Мен сияқты ұлтшыл болыңдар. Ауызбен орақ ормай, жаңа технологияны меңгер, ағылшын, орыс тілдерін жетілдір, кәсіпке ие бол. Таңнан қара кешке дейін Facebook-те отырып біреуді даттаудың орнына бала-шағаңды асыра: сәбіз ек, мал бақ, спортпен шұғылдан. Ана жерде неше түрліні айтады да, бетпе-бет кездескенде мысықтай қорқақ болып қалады. 20 мың теңге берсең, сөзі мүлде өзгеріп шыға келеді.

Экс-депутат еліміздің неге Украинаның күйін кешуі мүмкін екенін де өзінше түсіндіріп көрді.

Украинаның кейпін кешпес үшін ол жүрген жолды таңдауға болмайды. Қазақ қазір бір-бірін қолтықтап, қолдамаса, қазақтың қазақтан басқа досы, жанашыры жоқ. Осыны жазып алып, маңдайыға жабыстырып қой, - деді Тілеухан.

Бұған дейін ол өзін Мединаға жерлегенін қалайтынын айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға