Жаңалықтар

СҚО полицейлері алимент төлемеген 9 адамды іздеп тапты

СҚО полицейлері алимент төлемеген 9 адамды іздеп тапты
Фото: polisia.kz 30.03.2023 13:22 480

СҚО полицейлері алимент төлемегендерді 3 күнде іздеп тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер Солтүстік Қазақстан полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері өткізді.

Тайынша ауданының шалғай ауылдарының бірінде 3 жасар қызын асырауға алимент төлеуді тоқтатқан 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды. 27-29 наурыз аралығында аумақтық полиция бөлімшелерінің күштерін тарта отырып өткізілген акцияның 3 күнінде 9 алимент төлемейтін және алты борышкер анықталды.

– Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын жоғалтқан адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, олар мемлекетаралық іздеуде деп жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға