Жаңалықтар

СҚО-ның жерлері байлардың қолына өткен. Министр жауап берді

СҚО-ның жерлері байлардың қолына өткен. Министр жауап берді
Фото: gov.kz 07.09.2023 11:40 1374

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақорданың кулуарында Солтүстік Қазақстан облысында жерлері байлардың қолына өткен деп мәселе көтергендердің базысына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары БАҚ құралдарына аймақтың біраз жері байлардың қолына өтіп кеткенін айтқан еді.  

Бұған дейін осы облысты 9 ай басқарған енді министр болған Сапаров мұндай мәселелер болғанын жасырмады.

Үлкен компаниялар банкрот болған соң, орнына бөлек-бөлек инвесторлар келді. Мысалы, үлкен компанияның иелігінде 27 шаруашылық болса, қазір орташа 27 инвесторлар керек. Олар барлығы өз жұмыстарын істеп жатыр. Енді ұсақ-түйек сұрақтар бар. Ол сот арқылы шешілетін мәселе, – деді ауыл шаруашылығы министрі.

Айта кетейік, Айдарбек Сапаров Қарашөкеевтің орнына ауыл шаруашылығы минстрі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға