Жаңалықтар

СҚО мен Ресейдің Омбы облыстары арасында ынтымақтастық форумы өтті

СҚО мен Ресейдің Омбы облыстары арасында ынтымақтастық форумы өтті
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 11.11.2023 11:26 688

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Форум алаңында өңір басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті. Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ  Ғауез Нұрмұхамбетов «Хлебпром» компаниясының бас директоры Ярослав Шадырямен өткізген кездесуде "Qyzyljar"  арнайы экономикалық аймағында инвестжобаны жүзеге асыру әңгіме арқауына айналды.

Бұл форум екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, серіктестік пен іскерлік байланыстарды нығайтуға қосымша серпін бермек және өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді, - деді облыс әкімі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға