Жаңалықтар

СҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қайтыс болды

СҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қайтыс болды
Фото: © Polisia.kz 22.05.2023 20:55 491

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл-Петропавл автожолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан.

СҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қайтыс болды

Салдарынан 6 адам зардап шекті; олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға